22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №379 

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 8 тамыз, Астана қаласы «Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысы ның 2007 жылғы 6 тамыздағы №252-ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 6 тамыздағы № 252-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4904 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 қыркүйекте №141(1170) «Заң газеті» газетінде жарияланған). 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап оның көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және ресми жариялау көздеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқыктық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды; 3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ